17.04.2020, 9:54
Оқылды: 604

Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 119 адам эвакуацияланды

Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 119 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5DCBDF42-2F35-4773-90E3-75B440D9D60A

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 сәуір күні сағат 21.28-де Еуразия даңғылында болды. Жатақхананың алтыншы қабатындағы 121-пәтер отқа оранды. Өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыды.

Оқиға орнынан 119 адам эвакуацияланса, соның 43-і – балалар. «Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен (24 адам, 6 техника) сағат 22.05-те ауыздықталды. Оқиға орнына құтқарушылар да (4 адам, 1 техника) барды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале