13.06.2017, 12:54
Оқылды: 43

Оралда той кортежінде жол ережесін өрескел бұзған жеті көліктің бірі айып тұрағына қойылды

 Kolikterr   Оралда 10 маусым күні той кортежіне қатысқан жеті бірдей көлік жол ережесін өрескел бұзған.

   БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Чагано-Набережная көшесінде орнатылған бейнебақылау камерасына «Бұл күндердің даңқы өшпейді» ескерткіші маңында жол ережесін өрескел бұзған той кортежі анық түсіп қалған. Осындай оқиға Салтанат сарайы маңында да орын алды. Бейнежазбада жол ережесін өрескел бұзған автокөлік айқын көрінеді.


    «Жаз шыға жиі орын алатын мұндай деректің бірде-бірі жазасыз қалмайды. Соның ішінде той кортежінде жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «ерекше көзге түскен» автокөлік айып тұрағына қойылды. Енді сол жүргізуші бір жылға  көлік құралын басқару құқығынан айырылатын болады, қазіргі кезде сотқа материал әзірленуде. Жалпы, тойдың жұма, сенбі күндері болатыны белгілі. Осыған байланысты той кортеждері өтетін жерлерге орнатылған бейнекамералар арқылы олардың жол ережесін бұзбауы айрықша бақылауға алынды», деді БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллин.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале