Бүгін Орал қалалық сотында 22 шілдеде әйел адам мен қызын қағып кеткен Самат Наурызовқа қатысты үкім шықты.
Сотта Сұлуқаным Қадралиева төрағалық етті. Прокурор жарыссөз кезінде сотталушыға жазасын 2,5 жыл колония-қоныста өтеуді белгілеуді сұрады. Алайда сот айыпкерге қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде 5 жыл жазасын өтеу жөнінде үкім етті. Сонымен қатар жәбірленуші тараптың моральдық шығынды өтеу туралы талабының 8 млн.теңге көлеміндегі бөлігін өтеу жөнінде шешім шықты.
Сот сотталушы қылмыс жасаған автокөліктің жалған сақтандыруына қатысты жеке ұйғарым шығарды.