27.03.2020, 16:35
Оқылды: 412

Оралда төтенше жағдай талабын бұзғандарға қатысты 22 әкімшілік хаттама толтырылған

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің нұсқамасымен аумағы 2000 шаршы метрден аспайтын сауда орындарының жұмыс уақыты шектелді. Бұл - 1200 дүкен мен қоғамдық тамақтану орны, супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері. Олар 9.00-ден бастап кешкі сағат 21.00-ге дейін жұмыстарын жалғастыра алады. Дегенмен, талапқа бағынбай отырғандары да бар. Бұл туралы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Жантемір Иманалиев баяндады.

Жантемір Таңатарұлы Иманалиев

Бүгінгі күні Орал қаласы жергілікті полиция қызметкерлері рейд жүргізу кезінде төтенше жағдай талабын бұзғандарға қатысты 22 әкімшілік хаттама толтырған. Олардың 19-ы мамандандырылған әкімшілік сотында қаралып, тоғыз меншік иесіне 10 АЕК көлемінде (26 510) айыппұл салынған. 10 меншік иесі 2 күннен 10 күнге дейінгі мерзімде қамауға алынып отыр.

Оралда жалпы 221 сауда және қызмет нысанының жұмысы тоқтатылды. Қала аумағындағы 54 ауладағы алаң және бүгіннен бастап қалалық мәдениет және демалыс саябағы жабылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале