22.02.2019, 21:39
Оқылды: 20

Оралда "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" облыстағы ең үлкен бөлімшесі ашылды

Банктік технологиялардың ең соңғы үлгілерімен жабдықталған бөлімшенің көлемі - 1200 шаршы​ метр. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымының бірінші орынбасары Нұрлан Ақшанов және басқа да қонақтар, салымшылар қатысты.

IMG-20190222-WA0074

  - Бүгінде банктің 68 мыңнан астам салымшысы бар. 12 жыл ішінде он мыңнан астам отбасы осы банк арқылы баспаналы болды. Бұл су жаңа ғимарат халықтың қуанышы үшін қызмет ете берсін, - деді Бағдат Азбаев салтанатты шарада. Лентасы кесіліп, ғимаратқа енген қонақтарға​ жаңа нысан таныстырылды. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ БҚОФ директоры Диас Рахымханның айтуынша, банк филиалында жағымды жаңалық көп екен. Мұнда бейне кеңес алу бөлмесі жұмыс жасайды. Бұл пилоттық жоба бойынша кезек күтіп қалған банк клиенті осы кабинетте Алматы қаласындағы байланыс орталығының маманынан онлайн кеңес алатын болады.Одан басқа hcsbk.kz сайты арқылы да кеңес алуға мүмкіндік бар. Тағы бір жаңалық, заем алуға жазылған өтінішті қабылдау мен төлем қабілетін анықтау уақыты қысқартылған. Мұнда Жастар жылына орай да жағымды жаңалық бар. Жасы 18-35 жас аралығындағы белсенді жандар банкте мобильді кеңесші ретінде жұмыс істей алады. Банк биыл 2500​-ден астам заем беруді жоспарлап отыр. Бұл күні сондай-ақ​ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өтті.

IMG-20190222-WA0072

IMG-20190222-WA0073

Ясипа Рабаева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале