21.08.2019, 15:12
Оқылды: 412

Оралда тұрғындарды «үй алып беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды

Бұл туралы БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Орал қаласында кепілдікте тұрған арзан пәтерлерді алып беремін деп алдаған әйел қолға түсті. Алаяқ зардап шегушілерге 54 миллион 450 мың теңге қайтарып беруі тиіс.

Ui

          Ол бір-екі бөлмелі пәтерді 2-5 миллион теңгеге, екі-үш бөлмелі пәтерді 5-7 миллион теңгеге бағалаған. Бұл нарықтағы бағадан екі-үш есеге арзан. Айлакер банкте кепілдікте тұрған арзан бағадағы пәтерді алып беру мүмкіндігі барын айтып, бір тұрғыннан 7,2 млн. теңге алған. Осылайша баспаналы болғысы келгендердің саны 20-ға жетеді. Полиция департаментіне әлі де арыз түсіріп жатырғандар бар. Алданғандардың қатарында зейнеткерлер, кәсіпкерлер, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Ең азы 500 мың теңге, ең көбі 7,2 миллион теңгені еш күмәнсіз берген.

         Қылмыскер жалға пәтер алып, пәтер алушыларға пәтердің кепілдікте тұрғанын және оны алып беруге мүмкіндігі бар екенін айтып, сөзіне сендірген. Тіпті пәтерді суреттерін көріп қана ақшаларын санап бергендер де жоқ емес.

         -Бізге арыз түсірушілердің кейбірі жылдап күткен. Алаяқ әйел олармен үнемі байланысқа шығып, құжат толтыруда белгілі бір қиындық туғанын айтып, пәтерге қалайда қол жеткізетіндерін айтып сөзіне иландырған. Қазіргі уақытта оралдық 36 жастағы әйелге қатысты ҚК-нің 190-бабы 3-бөліміне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Азаматша бұған дейін алаяқтық қылмысы үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылған,- дейді аталған факті бойынша Орал қалалық полиция басқармасының бастығының орынбасары, полиция подполковнигі М.Төребек.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале