22.09.2019, 22:29
Оқылды: 92

Оралда уақытша су тоқтатылады

Орал қаласындағы 19А магистралды коллекторы бұзылды, деп хабарлайды Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

su

Осыған байланысты қаланың Солтүстік-Шығыс ш/а және Деркөл кенті, Әбілхайыр хан даңғылы, Омега ш/а, Автопарк ш/а бойынша үйлер мен ғимараттарға салқын жəне ыстық су беру тоқтатылады.
Қала əкімі Абат Шыныбеков оқиға орнына келіп, жағдайды жіті бақылауда. Барлық арнайы техника жөндеу жұмыстарына кірісті.

Қала әкімі Абат Шыныбековтың тапсырмасымен, таңғы сағат 07:00-ден су тоқтатылған аудандарға су жеткізу ұйымдастырылады.
1. 4-ші шағынаудан, "Манясян".
2. 5-ші шағынаудан, №5 үй.
3. 6-шы шағынаудан, "Жеңіс" сауда үйі.
4. 9-шы шағынаудан, "Сәтті" дүкені.
5. Строитель шағынауданы, №5 мектеп.
6. Солтүстік-шығыс шағынауданы, "Олимп".

7. Автопарк ауданы, "Кардио" дәріханасы қасында су таратылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале