12.11.2018, 17:47
Оқылды: 75

Оралда үй кезегінде тұрғандарға 177 пәтер берілмек

Келесі жылы Орал қаласындағы үй кезегінде тұрғандар кредиттік үй бағытында берілетін баспанаға қол жеткізе алады. Бұл жайында қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев хабарлады.

a17fa4bf-f5ef-4299-8b92-60638d108adf

Оның айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында «Қазақстан ипетокалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандарға сатып алу құқығымен Зашаған кенті, «Арман» шағын ауданы, М. Мөңкеұлы көшесі, 108/5 мекенжайы бойынша құрылысы жүргізіліп жатқан 9 қабатты үйден 177 пәтерді жалға береді. Бұл үйде үш бөлмелі пәтер саны 33 (бір пәтердің алаңы 76,29-дан 83,82 шаршы метр), екі бөлмелісі (62,1-ден 65,88 шаршы метр) мен бір бөлмелісі 72-ден (40,04-тен 44,11 шаршы метр) болмақ.

«Тұрғын үй қатынастары» ҚР заңының 67-бабының 1-тармағының 1, 2 және 3-тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар пәтер алу үшін өтініштері мен құжаттарын қараша айының 19-ы мен 26-сы күндері «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы тапсырады. Сондықтан отбасының кәмелетке толған әр мүшесіне ХҚКО арқылы электронды сандық қолтаңба алу қажет. Құжат тапсырушыларды іріктеу екі кіші топқа бөлінеді. Бірінші кіші топқа ЖАО кезегінде тұрған, неке құрғандарына үш жыл болған  және жасы 35-ке толмаған жұбайлар, сондай-ақ балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған (ажырасқан, жесір немесе тұл қалған) толық емес отбасылар (пәтер иесінің жасы 35-ке толмаған болуы керек) кіреді. Екіншісіне 1-кіші топқа жатпайтын, ЖАО арқылы үй кезегінде тұрғандар енгізіледі.

Бағдарлама талабына сәйкес баспананың бір шаршы метрінің құны 836 теңге болады. Пәтер 20 жылға жалға беріледі. Мәселен, үш бөлмелі пәтердің алаңы 83,82 шаршы метр болса, айлық төлемі 70 074 теңгеге есептеледі. Сонда 20 жылға жалға алу құны 16 817 645 теңге болмақ.

ui

Нұртай ТЕКЕБАВЕВ,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале