27.07.2020, 17:03
Оқылды: 1088

Оралда ұлағатты ұстаз туралы кітап жарық көрді

Орал қаласындағы «ШұғылаПринт» баспасынан жарық көрген еңбек «Аласармайтын асқар тау» деп аталады. Батысқазақстандық өлкетанушы-журналист Нұртас Сафуллиннің бұл – екінші кітабы.

AC907873-BE19-4133-AEF8-5945178F1940

Бұған дейін туып-өскен ұясы туралы «Егіндікөл тарихы» атты еңбек жазған Нұртас Набиоллаұлының екінші кітабының да оқырманға берері көп.

- Қарапайым ауыл мұғалімінің кәсіби тұрғыдағы ғажайып жетістіктері баяндалатын осынау еңбек кейіпкердің жерлестері, ағайын-туғандары мен ұрпақтары үшін ғана жарық көрген дүние емес.

Естелік кітапта сипатталған жайттар білім беру саласы қызметкерлерінің, әсіресе физика пәні мұғалімдерінің қызығушылығын туғызып, өнер-білімге құштар жастарды, жалпы оқырман қауымды ізгілікті ойларға жетелері сөзсіз.

Бұл кітапта шәкірттерінің жүрегінен ерекше орын алып, әріптестері мен замандастарының ыстық ықыласына бөленген ұлағатты ұстаз, отбасында адал жар, өнегелі әке бола білген Бақытжан Жанғазиевтің ғибратты ғұмыр жолынан сыр шертер қызықты естеліктер топтастырылды. Сан қырлы талант иесінің басылым беттерінде жарияланған мақалаларымен қатар түрлі авторлардың кітап кейіпкері туралы жазған материалдары да осы кітапқа енгізілген, - дейді өлкетанушы, «DANA kaz» тарихи-танымдық журналының бас редакторы Нұртас Сафуллин.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале