8-707-808-48-55
13.06.2018, 14:35
Оқылды: 122
Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған үш жасар қызды тапты

IMG-20180612-WA0031«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құрамында кіші сержант Дәулет Қыдырғалиев пен қатардағы жауынгер бар 5517-әскери бөлімнің тобы қаланың «Солтүстік-шығыс» шағынауданында кешкісін жол бойында қараусыз жүрген үш жасар қызды байқайды.

Барып, жолыққан кезде Нарғыздың адасып жүргені белгілі болды. Ұлттық жауынгерлері кішкентай қызды жақын маңдағы полиция бекетіне тапсырды. Көп ұзамай ол ата-анасының қолына табыс етілді.

Жоғалған қыздың әкесі Серік Азамат 5517-әскери бөлім командирі, подполковник Мақсат Бөлтіріковтің атына хат жазып, жауынгерлерге шынайы ризашылығын білдірді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қырағылық көрсеткені үшін аталған жауынгерлер ынталандыруға ұсынылды.

Ғайса Бәймен

Орал өңірі

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру