14.01.2021, 17:29
Оқылды: 301

Оралда Ұлттық ұланың 200-ден аса жас сарбаздары онлайн режимінде ант қабылдады

Орал шаһарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде жауынгерлік курстан өткен 200-ден аса жас толқын жауынгерлік Тудың қасында автоматын кеудесіне қысып қаздиып тұрып, салтанатты түрде ант қабылдады.

 IMG-20210114-WA0000

Бұл жолғы ант қабылдау рәсімінің басты ерекшелігі, елімізде болып  жатқан індетке байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, «onlin» режимінде өткізілді.

Осы орайда карантиндік шектеулерге байланысты ант рәсімі жас сарбаздардың туған-туыстарының қатысуынсыз өтті.

Алайда, әскери ант қабылдау рәсімін 5517 әскери бөлімінің «Instagram» әлеуметтік парақшасының онлайн режимде тамашалаған сарбаздардың ата-аналары мен тума-туыстары әскери бөлімнің басшылығына, осындай игі іс-шара ұйымдастырғандары үшін өздерінің мың да бір алғыстарын білдірді.

Әскери ант қабылдау – әрбір жауынгердің есінде мәңгі қалар қуанышты сәт екені белгілі.

Әскери ант қабылдау рәсімі бөлімнің саптық алаңында жас сарбаздардың салтанатты сапқа тұрғызылып, мемлекеттік Әнұранның орындалуыме өтті. Қару алып, Отан қорғар сарбаздар Қазақстан Республикасының халқы мен оның заңды түрде сайланған Президентіне, қолдарына қару алып, әскери бөлімнің жауынгерлік Туы астында салтанатты түрде әскери ант берді.

Әскери ант қабылдау үшін сапта тұрған жас сарбаздар Ұлттық ұлан қатарына биыл көктемде шақырылған. Олар Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан және Костанай облыстарынан келді.

Жас сарбаздардыант қабылдау рәсімінен кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Мақсотұлы Жұмағалиев құттықтады.

- Құрметті, жас сарбаздар! Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті. Ұлттық ұлан әскері біздің мемлекетіміздің қауіпсіздіқ қалқаны. Оны ұстап тұру – біз үшін борыш әрі үлкен мәртебе. Ер-азаматтардың өмірінде есте қалатын және Отанын, елін, жерін қорғау үшін серт беретін тарихи күн. Баршаңызды осы атаулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Аспанамыз ашық, еліміз тыныш болсын! – деді генерал-майор Арман Жұмағалиев.

Өз кезегінде індетке байланысты ант қабылдау рәсіміне қатыса алмаған ата-аналардың атынан жас сарбаз, қатардағы жауынгер Бердалиев Ерасылдың анасы Болатбекова Күләш аудио құттықтау жазбасын жолдады.

- Құрметті сарбаздар! Сіздерді бүгінгі Отан алдындағы ант қабылдау рәсімімен барша ата-аналар атынан шын жүректен құттықтаймын. Біздер сіздер үшін өте қуаныштымыз! Неге десеңіз, сіздер бір жыл бойы Отанды қорғау үшін, сіз бен біздің ұйқымыз тыныш болуы үшін абыроймен қызмет етесіз! Отанды қорғау – нағыз еркектің қасиетті борышы! Біз де сіздерді, аман-есен үйге оралуларыңызды күтеміз делінген, - аудио құтықтауда.

Ал осынау міндетті еліміздің Ұлттық Ұлан сапында өтеу әр сарбаз үшін абырой. Міне, осындай жауапты іске бел шешіп кіріскен жас жауынгер Қолғанат Әшіров. Ол – Ақтөбе облысының тумасы. Кішкентайынан қолына қару алып, Отанның тыныштығын қорғауды армандаған. Сондықтан, жас сарбаз ақтық демі қалғанша, Отанға адал болуға ант етті.

- Бүгінгі ант қабылдау күні – біз үшін ерекше, үлкен мәртебе. Бұл бәрімізге ерекше жауапкершілікті жүктейді. Біз Отанымыздың игілігі үшін әскери борышымызды абыроймен орындаймыз деп сеніммен айта аламын, - деді қатардағы жауынгер қатардағы жауынгері Қолғанат Әшіров.

Ант қабылдау салтанаты жабық деп жарияланғаннан соң әскери бөлім басшылары бөлімнің клубында ата-аналармен «Instagram» әлеуметтік парақшасының онлайн режимде кездесіп, әңгімелесіп, көптеген сұрақтарға жауап берді.

Алдағы уақытта жас сарбаздар, Орал қаласындағы қоғамдық тәртіпті қадағалап, қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын және де түзеу мекемелерімен қас қақпай күзетеді.

 

Әубакир Ертуған,

капитан  

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале