24.05.2018, 10:53
Оқылды: 65

Оралда «Uralsk Green Forum» халықаралық экологиялық форумы өтуде

Темирболат Токмамбетов01Оралда «Uralsk Green Forum» атты II халықаралық экологиялық форумы өтуде. Шараны «Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы ұйымдастыруда. Форумға 150-ден астам делегат қатысуда.

Бұл шараның басты мақсаты – ең өзекті экологиялық міндеттерін және энергия үнемдеу мәселелерін талқылау және мұнай-газ өнеркәсібінің экологиялық саласының дамуына ықпал ету.

«Карашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» бас директоры Эдвин Бломның айтуынша, осындай форумдаржер қойнауын пайдаланушылар мен ҚР уәкілетті органдарының арасында тиімді өзара әрекеттесу жүйесін одан әрі дамытуға, энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы мәселелерді шешуге барынша ден қоюға мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өз сөзінде: «Бұл форумға қоғам, сарапшылар және жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан қызығушылықтың артуы барлық мүдделі тараптардың БҚО аумағында және Республика бойынша экологиялық тәуекелдерді барынша азайтуға және энергияны үнемдейтін өндірісті дамытуға бағытталған заманауи жоғары технологиялық шешімдерді іздестіруге күш-жігерлерін біріктіруге дайындығын айқын көрсетеді», - деді.

Сонымен қатар ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді және нормаларды зерттеп, жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді.

Шара барысында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Карашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы және Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы арасында ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.

Форум жалғасуда.

Динара Жұмабекқызы

zhaikpress.kz

Фото Темірболат Тоқмамбет

Темирболат Токмамбетов17 Темирболат Токмамбетов02 Темирболат Токмамбетов04 Темирболат Токмамбетов05 Темирболат Токмамбетов06 Темирболат Токмамбетов07 Темирболат Токмамбетов11 Темирболат Токмамбетов12 Темирболат Токмамбетов13 Темирболат Токмамбетов14 Темирболат Токмамбетов15

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале