27.02.2019, 16:34
Оқылды: 27

Оралда ұстаздардың облыстық байқауы өтуде

Оралдағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектебінде «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» байқауының облыстық кезеңі өтуде.

 DSC_0026

         Байқауға облыстық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен ресурстық орталықтардың өкілдері, бастауыш және жетекші мектептердің мұғалімдері қатысуда. Үш кезеңнен тұрған байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар білім беру ұйымының үлгісін қорғап, ұсынылған модельдің тиімділігін көрсетті. Келесі кезеңде өздерінің тәжірибесінен алынған жаңалықтар, ғылыми зерттеулер, инновациялық технологиялар, жобалар бейнеролик көрсетеді. Ал үшінші кезеңде креативті тапсырмалар орындалады.

Байқаудың соңында қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

DSC_0039

Гаухар Хамиева

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале