11.05.2018, 12:18
Оқылды: 47

Оралда «Үздік ерікті» облыстық байқауы өтуде

Қазіргі уақытта Достық үйінде «Үздік ерікті» облыстық байқауы өтуде. Оған колледж студенттері мен мектеп оқушыларынан құралған 4 команда қатысуда.

БҚО əкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-ның əлеуметтік бастамалар жəне қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Алуа Рақышеваның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кіші бағдарламасы аясында облысымызда «Еріктілер корпусы» жобасы іске асырылуда. Жастар құрған топтар қарияларға, балаларға, мамандандырылған медициналық мекеме ұжымына, көмекке мұқтаж адамдарға өз еркімен көмектесуде.

Еріктілер қозғалысын дамытуға жəне насихаттауға байланысты байқау былтыр тұңғыш ұйымдастырылған. Оған жоғары оқу орындары студенттері қатысыпты. Биыл Ж.Досмұхаммедов атындағы педагогикалық колледж бен Теректі ауданындағы техникалық білім беретін ұйымның жəне қалалық №5, №34 мектеп оқушылары сайысқа түсуде. Нəтижесінде 80-ге жуық қатысушы арасынан «Үздік ерікті» , «Үздік еріктілер ұйымы» , «Үздік еріктілер жасағының жобасы» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады.

Айта кетейік, 2016 жылы ҚР "Еріктілер туралы" заңы қабылданды.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале