18.08.2019, 21:27
Оқылды: 74

Оралда велошеру өтті

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында "Цифрлық ханымдар велосипедте" атты велошеру өтті.

IMG-20190818-WA0014-800x600
Шараны Жастар жылы аясында ҚазИИТУ ғылыми-білім кешені ұйымдастырды. Осымен екінші жыл өткен шараның ашылуында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов пен Москва университетінің ректоры Михаил Романчук сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал бұл шараға қатысушылардың басым көпшілігі қыз-келіншектер болды. Нәтижесінде олар "Велосипед аруы - 2019", "Ең жас леди", "Ең креативті велосипед", "Ең шапшаң шабандоз" секілді басқа да бірнеше аталым бойынша марапатталып, тұрмысқа қажетті сыйлықтарға ие болды.

IMG-20190818-WA0013-800x600

Айта кету керек, ең жас велошабандоз №47 мектептің оқушысы 6 жасар Аяулым Қуанышева болса, ең жасы үлкені 73 жастағы оралдық бұрынғы велошабандоз Святослав Выдарин болды.

Ясипа Рабаева,

сурет: Рафхат Халелов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале