17.05.2018, 10:37
Оқылды: 20

Оралда халықаралық конференция өтуде

4c3ca353-f2aa-4969-8578-e7ca71d2ac5aҚазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Техника және телекоммуникация технологияларының мәселелері» атты XIX халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтуде.

Конференцияға Поволжье мемлекеттік телекоммуникация және информатика университеті, А.Н.Туполев атындағы қазан ұлттық зерттеу техникалық университеті, Уфа авиациялық техникалық университеті т.б. ғалымдары қатысуда.

Конференция елімізде алғаш рет Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде өткізілуде.

Шарада Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары талшықты-оптикалық кабельдік технологиялық байланыс желілерінің сенімділігін жоғарылатудың түрлі аспектілерін, голографиялық кодтауды қолдану арқылы ақпарат алмасудың дәлдігін т.б. мәселелерді қарастырылмақ.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

                                                                                                                                     

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале