16.07.2019, 16:23
Оқылды: 184

Оралда ХI халықаралық «Атамекен» ән фестивалі басталды

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ҚР Халық артисі, «Отан» орденінің иегері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әнші-композитор Е.Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың ХI халықаралық «Атамекен» фестивалі басталды.

IMG-20190716-WA0057

Фестивальдің ашылуында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев байқауға еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Тараз, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Қызылорда және Өзбекстанның Нүкіс қаласынан келген жас таланттар қатысып жатқанын айтты.

Atameken (7)

– Өнер сүйер қауым, ХI халықаралық «Атамекен» ән фестиваліне қош келдіңіздер! Қазақ драма театрына дүлдүл әнші Ескендір Хасанғалиев, аяулы жары Дарико Хасанғалиева, әке даңқын жалғастырған ұлы Біржан Хасанғалиев арнайы аяқ басып отыр. Ақ Жайық төрінде жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан фестиваль көптеген жас таланттарға жол ашып, өнер әлемінде өз орнын тауып, биік шыңға шығуына септігін тигізуде. Биылғы байқаудың ерекшелігі - үміткерлер эстрада және вокал жанрында ән салады. Олардың арасынан дарынымен жарқырай көзге түсетін жаңа есімдер анықталатынына сенеміз. Келесі жылы Ескендір ағамыз 80 жасын тойлайды, авторлық «Атамекен» әнінің жарыққа шыққанына 50 жыл толмақ. Автордың мерейлі жылын ауқымды шаралармен атап өтеміз, – деді Қадырболат Мұсағалиев.

Atameken (4)

ХI халықаралық «Атамекен» ән фестиваліне 29 әнші қатысып жатыр. Байқауға ҚР Халық артисі, әндер авторы Ескендір Хасанғалиев, ҚР еңбек сіңірген артисі Қанатқали Қожақов, ҚР еңбек сіңріген қайраткері, композитор Біржан Хасанғалиев, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Дәурен Сейітжанов, ІV халықаралық «Атамекен» фестивалінің І орын иегері, әнші-композитор Таңат Жексенбаев қазылық етуде. Байқау қорытындысы ертең мәлім болады.

Нұртай Алтайұлы,

Сурет Темірболат Әнуарұлы

zhaikpress.kz

Atameken (6)

Atameken (8)

Atameken (3)

Atameken (5)

Atameken (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале