19.06.2018, 22:32
Оқылды: 31

Оралда ыстық су беру тағы да тоқтатылды

IMG_20180619_222834Орал қаласында ыстық су беру тағы да тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайықжылуқуат» АҚ коммерциялық директоры Вячеслав Солодиловтың айтуынша, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ кеше қарызға байланысты жылу-қуат орталығын газдан айырды. Соған байланысты бүгін қалаға ыстық су беру тоқтатылды.

«Жайықжылуқуат» АҚ-ның «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға бережағы 540 млн теңгені құрап отыр. Ал тұрғындардың жылу үшін берешегі - 570 млн теңге. «Тұрғындардан қарызды өндіру мақсатында қолдан келгеннің бәрі жасалуда. Бригадалар үйді аралауда. Жылдар бойы төлемегендер де бар. Сотқа жүгініп, тиісті шаралар алынуда.

Дегенмен қарыздың бәрін бір күнде қайтару мүмкін емес», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне В.Солодилов.

Еске сала кетейік, жылу-қуат орталығы биыл осымен газдан екінші рет ажыратылып отыр. Бұдан бұрын «көгілдір отын» беру 25 мамырда тоқтатылып, 6 маусымда қайта қосылғанын жазған болатынбыз.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале