5.09.2017, 11:24
Оқылды: 36

Оралда заң бұзған 300 шетелдік жауапқа тартылды

 Oralda zan byzushilik        Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР аумағында заңсыз жүрген өзбекстандық азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске нүкте қойды.

      БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған азамат Қазақстанға 2016 жылдың қыркүйек айында келіп, биылғы тамызға дейін тіркеусіз тұрған.


         Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 517-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыпты деп тауып, оны елден шығару туралы қаулы қабылдады.

         Айта кетейік, биыл жыл басынан бері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Оралда 300 шетелдік азамат жауапқа тартылды. Олардың басым көпшілігі - Өзбекстан және Ресей азаматтары. Соның ішінде 77 адамға 2 608 939 теңге айыппұл салынды. 185 адамға қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза белгіленсе, 38-і елден шығарылды.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале