2.08.2017, 11:48
Оқылды: 24

Оралда заңсыз қызмет еткен 10 нысан жабылды

Бұл туралы облыстық прокуратураның кезекті баспасөз мәслихатында айтылды.


Сала мамандарының айтуынша, Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен қолға алынған «Құмар ойынсыз қала» жобасы өз мәресіне жетті. Нәтижесінде облыс орталығы қызметін лицензиясыз жасап келген, заңсыз ойын автоматтары мен букмерлік кеңселерден тазаланды. Осындай 10 нысан жабылып, олардан 100-ден астам құрылғы алынды. 13 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 4 тұлға сотталды. Жиын барысында прокуратура қызметкерлері биылғы жартыжылдықта атқарылған жұмыстары жөнінде баяндады.

- Сыбайлас-жемқорлық жасаудың екі дерегі, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылық жасаудың 17 дерегі анықталды. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау саласында жүйелі түрде жасалған заң бұзушылықтар анықталды. Келтірілген залал 337 млн. теңгеге бағаланып отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 14 материал тіркелді. Бір тұлға сотталды, 4 іс ақталмайтын негіздерге байланысты тоқтатылды. Үш ұсыныс бойынша 31 млн. теңгені өндіруге шаралар қабылданды.Тұрғын-үй заңнамасының сақталуына қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың қызметінде көптеген заңбұзушылықтар анықталды. 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде екі мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды, - дейді облыс прокурорының міндетін атқарушы Тәжиден Найманов

Оның сөзінше, прокуратура қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін кезекші прокурор институты енгізілген. Мұнда азаматтар басына түскен проблемалық жағдайды онлайн режімі  арқылы «Кезекші прокурор» сайтына орналастыра алады. Сондай-ақ, енді бір айдан соң азаматтарды қабылдау орталығының ашылатыны айтылды. Орталықта арнайы күту залы, екі кезекші прокурор және аввокаттарға арналған екі бөлме келушілерге қызмет етпек.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале