2.03.2019, 16:53
Оқылды: 34

Оралда жалпықалалық сенбілік өтті

Биыл қардың қалың түсуіне байланысты Орал қаласы көктемгі су басу қаупі бар 35 аумаққа бөлінген.

senbilik

Бүгін осы аумақтарда жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбілік өтіп жатқан жерлерге арнайы келген облыс әкімі Алтай Көлгінов қар тазалау жұмыстарының жай-жапсарымен танысты. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қар тазалауға шамамен он мың адам қатысты. Олардың қатарында қаладағы ірі кәсіпорындар мен құрылыс мекемелері, әлеуметтік мекемелер, соның ішінде балабақшалар мен мектептердің педагогтері, белсенді жастар мен студенттер, бизнес нысандары мен жанар-жағар май стансалары, қала әкімдігінің қызметкерлері де бар.

Қала әкімі Мұрат Мұқаев облыс әкімі Алтай Сейдірұлына қар тазалау жұмыстарының орындалу барысымен таныстырды. Мәселен, қаланың ескі бөлігінде "Айдана" ЖШС, "ДСК Приоритет" ЖШС, "Ануш Құрылыс" ЖШС-лары қар тазалап, шығаруға өздерінің бес қар тиегіш және он бес КаМАЗ көлігін жұмылдыруда. Ал қаладағы 32 мектеп ауласындағы қарды ата-аналар мен ұстаздар бірлесіп тазалауда. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, сенбілік барысында 30 мың текше метр қар шығарылып, 15 шақырым арық тазаланды. Бұл жұмыстарға 500-ге жуық техника жұмылдырылды.

senbilik5

senbilik2

senbilik4

senbilik6

IMG-20190302-WA0017

Ясипа Рабаева,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале