30.03.2019, 18:19
Оқылды: 48

Оралда жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін, 30 наурызда, Оралда жалпықалалық сенбілік өткізілді. Қала аумағын қыстан қалған қоқыстан тазалау шарасы Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №688 қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

subbotnik (1)

Сенбілікке қаламыздың 7 363 тұрғыны, коммуналдық мекеме қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер қатысты, 558 ұйым мен мекеме жұмылдырылды. Сонымен қатар қаладағы бес жоғары оқу орнының, техникалық және кәсіптік білім беру орындарының 570 студенті, қаламыздың 53 пәтер иелері кооперативтерінен шамамен 300 жұмысшы қатысты.

Тазалық шарасына қатысушыларды тасымалдауға 5 автобус жəне жиналған қоқыс қалдықтарын арнайы орынға шығару үшін 25 жүк көлігі бөлінді.

Бұл күні қолдарына күректері мен тырмаларын, сыпыртқыларын алып шыққан қала тұрғындары автобус паркі аумағындағы жол өтпесінен Новеньки жолына дейінгі Орал-Желаев трассасының, "Ел ырысы" базарынан қала шекарасына дейінгі Орал-Самара күрежолының, "Үміт" шағынауданынан Орал-Саратов бағытындағы Деркөл айналма жолының, тубдиспансерден Орал-Самара трассасына дейінгі С.Тюленин көшесінің, Сарайшық көшесінен Алмазов көшесіне дейінгі Даумов көшесінің бойын, Шаған өзен жағалауы бойындағы «Бұл күндердің даңқы өшпейді» тынымбағын тазалады. Қала бойынша шығарылған қоқыс қалдықтарының көлемі 311 текше метрді құрады.

Сурет сайт мұрағатынан алынды

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале