28.08.2018, 18:11
Оқылды: 38

Оралда жаңа тынымбақ салынды

Өңір басшысы Алтай Көлгінов облыс орталығындағы жол, құрылыс және абаттандыру жұмыстарын тексерді, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Altay Kulginov miasokombinat (3)

 

Алдымен күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған Чапаев Затоны пен Шүкіров көшелеріне барды. Қарқынды жүргізіліп отырған жұмыс аяқталуы жақын. Жол белгілері де орнатылуда.

Ал Мясокомбинат ауданындағы Январцевская, Ақтөбе, Н.Әбдіров көшелерінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудандағы жаңа тынымбақтың құрылыс жұмысы облыстық медицина қауымдастығының қолдауымен, «Туған жерге туың тік» қоғамдық қорының қаржысына жүргізілуде. Тынымбақта жаңа стрит-воркаут пен балаларға арналған ойын алаңы салынып, «Өмір ағашы» композициясы, сахна, орындықтар, жарық қойылып, тротуар төселген.

Айта кетейік, облыс орталығында 56 тынымбақ бар. Биыл Пушкин көшесіндегі және 4, 6-ықшамаудан арасындағы жаяу жүргіншілер бульварына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. №36 мектеп жанында тынымбақ салынуда. Алдағы уақытта облыс орталығында Т.Масин, С.Тюленин көшесінде тынымбақ және С.Датов көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылы бойында Жасыл бульвар салынады.

Жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Депо көпірі құрылысының жай-күйімен танысты. Көпір құрылысының 97% орындалған.

- Бұл көпір жоғары сапалы, мығым және қауіпсіз болуы керек. Сондықтан әркім өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға тиіс, - деді облыс әкімі.

zhaikpress.kz

Altay Kulginov miasokombinat (2) Altay Kulginov miasokombinat (1) Altay Kulginov miasokombinat (9)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале