30.12.2019, 17:46
Оқылды: 241

Оралда жаңа хоккей алаңы ашылды

Орал қаласындағы мұз айдыны спорт сарайы жанынан жаңа хоккей алаңы ашылды.

sport led (6)

Торлы қоршау салынған хоккей алаңының ені – 24, ұзындығы – 42 метр. Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен БҚО шайбалы хоккей федерациясы салған көп функционалды хоккей алаңы қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөпірімдер спорт мектебінің меншігіне берілген. Бұл нысан допты және шайбалы хоккей ойнауға және көпшілік сырғанау үшін жалға беріледі. Жазғы кезеңде жасанды көгал төселіп, футбол ойнау мақсатында пайдалануға болады.

sport led (2)

– Қазіргі уақытта қиыршық тас пен құм төселіп, оның бетіне 5-6 сантиметр мұз қатырылды. Көктемде мұз еріген соң, асфальт төселмек. Хоккей алаңының айналасын абаттандыру, шамдар орнату жұмысы жүргізілуде. Одан бөлек спорт киімдерін ауыстыруға арналған контейнер қойылады. Спорт мектебінде мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шаңғы тебу, шайбалы және допты хоккей секциялары қызмет етеді. Мұз айдыны спорт сарайында жаттығатын 528 баланы 20 бапкер тынымсыз баулиды. Жыл сайын мектепке келетін балалар саны көбеюде. Көпшілік сырғанауға аптаның сенбі және жексенбі күндерінде рұқсат етілген. Енді жаңа мұз айдыны бұқараны кеңінен тартуға мүмкіндік туғызады. Көпшілік үшін жалға беру ақысы Жаңа жыл мерекесінен кейін белгілі болады, – деді қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Тұрарбек Алтынбекұлы.

sport led (3)

Нұртай Алтайұлы

zhaikpress.kz

sport led (4)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале