4.01.2017, 15:33
Оқылды: 21

Оралда жаңа жылдық мереке күндері 100-ден астам сәби өмірге келді

bope  Орал қаласында 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында 105 сәби дүниеге келді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, 31 желтоқсанда 16 қыз, 13 ұл, 1 қаңтарда 19 қыз, 8 ұл, 2 қаңтарда 14 қыз, 14 ұл, кеше 11 қыз, 10 ұл бала өмір есігін ашты.


  Қалалық перзентханадан басқа облыстық перинаталдық орталықта ауылдардан келген аналардың да босанатындығын ескеру керек. Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, тәуелсіздік жылдары қазіргі заманғы медицина жетістіктерін қолдану нәтижесінде сәбилердің шетінеуі 3,5 есеге (мың адамға шаққанда, 1991 жылғы 26,2-ден 2016 жылғы 7,4-ке дейін) азайды.

  Аналардың өлім-жітімі де 25 жыл ішінде 77,1 пайызға (100 мың тірі туылғанға 1991 жылғы 68,5-тен 2016 жылдың қорытындысы бойынша 15,7-ге дейін) қысқарды.

   Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале