27.12.2018, 18:27
Оқылды: 44

Оралда жаңадан бой көтеретін нысандар таныстырылды (СУРЕТ)

AQJAIYQ телеарнасында тікелей эфирде өткен «Әкім сағатында» облыс әкімі Алтай Көлгінов Оралдағы жаңа нысандардың эскиздерін көрсетті.

-Оралдағы «Омега» ауданында жаңа көпірдің қайта құру жұмыстары өткізілуде.  Жексенбі күні барып, жұмыс барысымен таныстым. Алдағы жылдың аяғына дейін пайдалануға беруге тырысамыз. Көпірдің ені екі есе кең болады,-деді Алтай Сейдірұлы.

Oral (1)

 

-Оралда халықаралық стандартқа сай қонақүйлер жоқ. Қазіргі қонақүйлеріміз барлық талаптың үдесінен шыға бермейді. "Ақжайық" қонақүйінің орнында бой көтеретін DoubleTree by Hilton-ның  құрылысы көктемде басталады. Бұл эскиз Лондонда мақұлданған,-деді облыс әкімі.

 

Жаңа жобалардың бірі  - Мәдениет сарайы. "Оралда үлкен мәдениет үйі жоқ. Үлкен концерттерде орын таппай жатады. Жаңа Мәдениет сарайының құрылысы алдағы жазға қарай басталып, жыл не жыл жарымдай уақытта салынады. Заман талабына сай, кез келген мәдени шараны жоғары дәрежеде өткізетін сәулетті сарай болады,-деді облыс әкімі.

мәдениет сарайы

 

Оралда салынатын Мұз сарайының жаңа бейнесі. Желаев тас жолы бойында салынады деп жобаланған.

Oral (26)

 

Атоян атындағы стадион талапқа сай болады.

Oral (6)

 

Сондай-ақ Оралдағы өзен айлақтары жөнделеді. Эскиздерде Шаған өзенінің ХҚКО-ға қарсы тұсы және қалалық мәдениет және демалыс саябағы аймағы көрсетілген.

Oral (3) Oral (4) Oral (8) Oral (9) Oral (11)

 

Алдағы көктемде Орал халықаралық әуежайының қайта құру жұмыстары басталады.

Oral (21) Oral (20)

 

Шаған үстінен салынатын жаңа көпірдің жобасы.

Oral (28)

 

Оралда жаңа аллеялар салынады.

Oral (14)

Oral (16)

Oral (17)

Oral (18)

Oral (19)

Нұрлыбек Рахманов,

© zhaikpress.kz

Эскиздер БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале