3.12.2016, 14:11
Оқылды: 34

Оралда жас дəрігерлер форумы өтті

screenshot_2016-12-03-16-43-54-1Бүгін Батыс Қазақстан медициналық колледжінде ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Дəрігердің күші жүрегінде" атауымен жас дəрігерлердің облыстық патриоттық форумы болып өтті.


 

Шараға облыс əкімінің орынбасары М. Тоқжанов қатысып, жас дəрігерлерді құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.

Одан кейін сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Ирменов өңіріміздегі медицинаның жай-күйі мен бүгінгі жетістіктеріне тоқталды.

screenshot_2016-12-03-16-58-14-1Форумға барлық аудандары мен қаламыздан еңбек өтілі бес жылға дейінгі 180-ге жуық жас дəрігерлер қатысты. Облысымыз бойынша 1500-ден аса дəрігерлер қызмет етсе, оның 30 пайызы, яғни 560 дəрігер жас маманның қатарында. Өңіріміздегі 26 дəрігер "Болашақ" бағдарламасы бойынша əлемнің ең үздік университеттерінде білімдерін шыңдап, тəжірибе жинақтап келген. Елбасының сындарлы саясатының арқасында бірқатар дəрігерлер Корея, Израиль, Мəскеу елдеріндегі түрлі клиникаларда машықтан өтуге мүмкіндік алды. Қазіргі таңда олар облысымыздың түрлі медициналық мекемелерінде сəтті қызмет атқаруда.

screenshot_2016-12-03-17-00-07-1Бүгінгі форумда облыстық кардиологиялық орталықтың дəрігер-кардиохирургы Арман Бəйдеуов, облыстық клиникалық ауруханасының дəрігер-хирургы Марина Абенова мен Бақтияр Ташкенбаев, Теректі аудандық орталық ауруханасының дəрігер-хирургы Нариман Аманғалиевтер туралы бейнефильм көрсетілді. Одан кейін аталған "болашақтықтар" сөз алып, студенттер мен жас мамандарға ақ тілектерін жолдады.

Форумда бұдан бөлек жас дəрігерлер арасында оздырылған симмуляциялық жарыстардың жеңімпаздары мен спортшы дəрігерлер, үздік хирургтар мен ұзақ жылдар бойы қызмет еткен медицина саласының үздік қызметкерлері марапатталды.

Форум одан əрі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Лəззат Шағатай

Суретті түсірген Жанна Балыкова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале