12.11.2019, 10:26
Оқылды: 70

Оралда "Zhas Project" әлеуметтік жобасының аймақтық форумы өтті

А.Островский атындағы драма театрда облыс жастары әлеуметтік жобаларының "Zhas Project" аймақтық форумы өтті. Жиын барысында үздік жоба иегерлерінің жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, іске асырылған жұмыстар қорытыланды. 

Жоба аясында облыста 221 жоба жүзеге асып, оған 718 жас қатысқан. Оларға 1 000 000 теңге көлемінде гранттар және ай сайын ЖОО түлектеріне 60 мың теңге, қалған қатысушыларға 40 мың теңге әлеуметтік стипендия төленіп тұрған еді. Нәтижесінде өңірімізде 12 білім беру орталығы, 14 демалыс орталығы мен шығармашылық үйірмесі, 16 спорт орталығы мен фитнес клубы, 31 наубайхана мен кондитерлік цех, 13 тігін шеберханасы, 13 сұлулық салоны жобасы іске асырылды.

zhas project (1)

-«Zhas Project» - өз ісін бастағысы келіп жүрген талай жасқа септігін тигізіп, бизнес әлеміне ену үшін жол салған жоба. Оның негізгі мақсаты жастарды «Балық берме, қармақ бер» негізінде кәсіпке икемдеу. Әлеуметтік маңызы зор. Жоба жеңімпаздары көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық көрсетуде. Аудан мен ауылдарда тың жобалар ашылып, көптеген жан жаңа мамандықты игеруде. Сырым ауданында 30-ға жуық жоба, ал Бөрлі ауданында екі-ақ жоба қолға алынды. Жастарды белсенділікке шақырамыз. Жоба жалғасын тауып, өскелең ұрпақ еңбекпен шыңдала берсін,- деді облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев.

zhas project (2)

"Zhas Project" Жастар корпусын дамыту жобасы Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Кимнің мәліметінше, биыл өңірімізден басталған аталмыш жоба Ақмола, Атырау, Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында да ұйымдастырылған. Республика бойынша 3 838 өтінім берілсе, оның 1063-і мақұлданыпты. Батыс Қазақстан облысы бойынша Жобаның инвестициялары 164 миллион теңгеден асқан. Сондай-ақ грант қаражатына алынған барлық материалдар мен жабдықтар жобадан кейін қатысушылардың еншісінде қалмақ.

                                                                               Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале