7.11.2019, 17:20
Оқылды: 293

Оралда Zhas Project жобасы қорытындыланатын өңірлік форум өтеді

Биыл Үйлестіру агенттігі Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Жастар корпусын дамыту жобасын іске асырды.

 «Zhas Project»

Халық арасында Zhas Project деп аталып кеткен бұл жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарын қоғамға бейімдеу және нәтижелі жұмыспен қамтуға қажетті дағдыларды дамыту арқылы қоғамдық пайдалы қызметке тарту.

Жоба жастардың өз әлеуетін, өмірлік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Жобада жұмыс істемейтін және оқымайтын, сондай-ақ жұмысы бола тұра табысы төмен қатысушыларға ерекше басымдық беріледі.

Жоба аясында Батыс Қазақстан облысында 221 жоба іске асырылды. 718-ге жуық жас қатысып, олар өздерінің бастамаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде грант алды. Сонымен қатар өмірлік дағдылар мен жобаларды басқару бойынша бірегей оқу бағдарламасынан өту мүмкіндігі берілді. Жобалық стипендияларға ай сайын әлеуметтік стипендия төленді (түлектерге 60 000 теңге, қалған қатысушыларға 40 000 теңге).

Әлеуметтік жоба арқасында 12 білім беру орталығы, 14 демалыс орталығы мен шығармашылық үйірмесі, 16 спорт орталығы мен фитнес клубы, 31 наубайхана мен кондитерлік цех; 13 тігін шеберханасы, 13 сұлулық салоны ашылды.

Батыс Қазақстан облысында іске асырылған әлеуметтік жобалардың нәтижесі 2019 жылдың 11 қарашасында Орал қаласында өтетін өнімдер көрмесі мен Өңірлік форумда қорытындыланбақ.

Форум А.Островский атындағы драма театрда 11 қараша күні сағат 10:00-де басталады. Оған мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, жобаға қатысушылар мен жоба тәлімгерлері қатысады.

Н.Нұрланұлы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале