25.04.2018, 15:16
Оқылды: 82

Оралда жастар арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтеді

95203150-bc1d-4b19-b74e-3cc4076a6592Оралда аударыспақ, қазақ күресі, асық ату және жамбы ату ойындарынан сайыс өтеді. «Ұлттық қазына» атауымен ұйымдастырылатын көпшілік шараға  14-29 жас аралығындағы кез келген жас қатыса алады.

Бұл күні қамшы өруден шеберлік сабағы өтеді. Сонымен қатар атпен серуендеу тегін ұйымдастырылады.

Шара 29 сәуір сағ 10:00де ұлттық спорт түрлері бойынша балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде болады.  (Орал қ. Асан ауылы, Рабочая көш, 1а.)

Айта кетейік, мазмұнды шараны облыс жастары ұйымдастыруда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале