5.07.2018, 22:17
Оқылды: 49

Оралда "Жастар" стадионы ашылды

IMG-20180706-WA0001Бүгін Астананың 20 жылдық мерекесіне орай күрделі жөндеуден өткен Орал қаласындағы Жастар стадионы тұрғындардың игілігіне берілді.


 

Халықаралық стандартқа сай салынған стадионның IMG-20180706-WA0005аумағы 7900 шаршы метрді құрайды. Мұнда қыс мезгілінде мұз төселіп, көпшілік сырғанау мен допты хоккей ойнауға мүмкіндік берілетін болса, қазір жасанды газон төселіп, жастар мен жасөспірімдердің футбол секілді спорттық ойындарды ойнауына мүмкіндік берілген.

IMG-20180706-WA0002- Астананың 20 жылдығына орай бұл стадион тұрғындардың игілігіне беріліп отыр. Осыдан үш жыл бұрын стадионды күрделі жөндеуден өткізу туралы мәселе көтерілген еді. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясынан бір миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Құрылысшылар көп еңбектенді. Осы жұмыстардың Screenshot_2018-07-05-23-50-44-1барлығы спорттың инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр. Елбасы бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар бағдарламалар енгізді. Біздің өңірімізде спорт саласындағы инфрақұрылым дамып келеді. Былтыр Ақсай қаласында спорт кешені салынып, тұрғындардың игілігіне берілді. Екі жылдың ішінде Орал қаласында 50 аула абаттандырылып, 20 спорт алаңы IMG-20180706-WA0012салынды.Өңірімізден чемпиондар шығады деген үмітіміз зор. Елорданың 20 жылдығы құтты болсын! - деді салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Жиын барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша тұңғыш рет допты хоккейден Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы атағы Виталий Немолочныйға берілді.

IMG-20180706-WA0011Содан соң стадионындағы ашық мұз айдынының құрылыс жұмыстарын жүргізген «Бірлік » ЖШС директоры Аманжол Исмағұлұлы "Жастар" стадионына 10 коньки мен 10 допты сыйға тартты.

Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале