6.05.2018, 19:39
Оқылды: 28

Оралда жастарға арналған "Қызғалдақ көктем" фестивалі өтті

IMG-20180506-WA0081Бүгін Батыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен "Қызғалдақ көктем" фестивалі өтті.

Көктем шыға көздің жауын алатын қызғалдақ гүлін тамашалауға  М.Өтемісов атындағы БҚМУ мәдениет және өнер факультеті, туризм бөлімінің студенттері, оралдық жас вайнерлер мен журналистер, фотографтар келді.

IMG-20180506-WA0084Жастар алдымен табиғат аясына шығып, дала гүлін тамашалады. Кейін екіге бөлініп, спорттық сайыста сынға түсті. Оның ішінде қапшықпен секіру, арқан тартыс сияқты ойын түрлері бар.

dav

"Әсем табиғатты аялап, туған жерді қадірлеу - жас ұрпақтың міндеті. Осы қызғалдақ гүлінің облысымызда 13 түрі кездеседі екен. Оны көзбен көргенге не жетсін?! Бұл гүлдің ғұмыры бар болғаны 10-15 күн екен. Бүгінгі мақсатымыз да жастарды табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру,-дейді шараның бас-қасында жүрген белсенді  жас Оралхан Рахимов.

Табиғат аясына дастархан жайған қатысушылар гитарамен ән айтып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Айта кетейік, осыдан екі-үш күн бұрын Қазталов ауданының Қайыңды ауылының алқабында «Қызғалдақ көктем – Тюльпанная весна» эстрадалық әндерді орындаушылардың I Халықаралық байқауы өткен болатын. Байқаудың бас жүлдесін жас әнші Айымбек Сәртөков қанжығалады.

zhaikpress.kz

Фото Нұрболат Бимағамбетов

IMG-20180506-WA0079

 

IMG-20180506-WA0089 IMG-20180506-WA0083 IMG-20180506-WA0080 IMG-20180506-WA0075 IMG-20180506-WA0074 IMG-20180506-WA0078

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале