19.07.2018, 14:41
Оқылды: 51

Оралда жастарға арналған семинар-тренинг өтті

БҚО аудандарындағы жастар ресурстық орталық мамандары үшін ұйымдастырылған семинар-тренингтің ашылу салтанаты облыстық мәслихат ғимаратында өтті.

molodezhАталған шараға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, облыстық жастар саясаты мәселесі басқармасының басшысы Аян Сакошев, аудан әкімдерінің орынбасарлары және аудандық жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысты.

molodezh (1)Ашылу салтанатына төрағалық еткен Ғабидолла Абдоллаұлы жастар ресурстық орталықтарының мамандары бірқатар игі істердің басында жүргенін атап өтті.

Merzhan AbilhasСонымен қатар шара барысында жастар мәселелері бойынша бірнеше баяндама оқылып, жастарға байланысты жұмыссыздық және өзге де мәселелер талқыланды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, семинар барысында алты жобаның жүзеге асырылу жолдары талқыланбақ. Атап айтсақ, қиын жағдайға тап болған жастарға арналған «Болашақ өз қолыңда», дипломын енді алған жастарға бағытталған «Жас маман», қайырымдылық мақсатындағы «Жүз нақты көмек» жобалары және еріктілер санын арттыру, дебат клубтарын дамыту, «Ақжайық» медиа жобасы аясында әлеуметтік желілердің жұмысын дамыту туралы тренингтер өткізіледі.

Айымгүл ЖОМАРТҚЫЗЫ

Фото: Айбатыр Нұраш

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале