27.10.2018, 9:49
Оқылды: 21

Оралда жеңіл атлетикалық кросс өтуде

Бүгін, 27 қазан күні Орал қаласында жүгіру маусымының жабылуына орайластырылған жеңіл атлетикалық кросс өтуде. Кросқа облыс әкімі Алтай Көлгінов пен бірқатар мекеме басшылары да қатысуда.

IMG-20181027-WA0039-01

Кросс Құрманғазы, М.Мәметова көшелерінде өтуде. Жүгіру арақашықтығы: 16 жастан үлкен ерлер - 4,2 шақырым, әйелдер және 16 жасқа толмаған оқушылар (қалауы бойынша) - 2,1 шақырым.

Жүгіруге 400-дей оралдық қатысуда.

-Демалыс күні екендігіне қарамай, уақыт тауып, жүгіру маусымының жабылуына келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Елбасымыз жыл сайынғы халыққа жолдауында бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлу қажеттігін айтады. Жергілікті тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен айналысуына барлық жағдайды жасауға тырысудамыз. Қыс айларында шаңғы тебу, конькимен сырғанау секілді спорт түрлерімен айналысуды дамытатын боламыз, -деді белгіленген қашықтықты көппен бірге жүгіріп өткен облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кросқа қатысушылардың медициналық анықтама болуы талап етілген.

Қайырымдылық жүгіріске қатысып, ерекше ерік-жігер танытқан қала тұрғындары аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «Спорттық отбасы» аталымымен Сейітовтер әулеті, «Ең жас қатысушы» аталымымен Аяулым Мұқсин, «Белсенді қатысушы» ретінде Мария Хромцова танылды.

Нұрбек Оразаев,
zhaikpress.kz

IMG-20181027-WA0032

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале