20.02.2020, 15:38
Оқылды: 343

Оралда жоғалып кеткен оқушы қыз іздестірілуде

1865451

Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы Яна Кострыкина іздестіріліп жатыр.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Яна 18 ақпан күні шамамен сағат 08.00 шамасында үйінен мектепке шығып кеткеннен оралмаған. Профсоюзная көшесі 17-үй 2-пәтерде тұратын қыз қаладағы №26 мектептің 9-сыныбында оқиды. Үстіне үлкен капюшоны бар көк күрте киген, қара түсті кроссовкасы мен мектеп киімі болған. Бойы шамамен 160 см, арықша келген, иығына түскен шашы қарақоңыр-сұрғылт түсті, ерекше белгілері жоқ. Яна туралы білетіндер 102, 92-18-14, 92-18-42, 8-776-915-96-75 телефонына хабарласулары сұралады. «Қазіргі кезде полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізуде», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале