5.04.2019, 17:59
Оқылды: 21

Оралда «Жұлдызай» фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті

Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында  республикалық «Жұлдызай» фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті. Жыл сайын дәстүрлі өтетін фестивальдің аудандық кезеңіне 500-ге жуық бала қатысқан. Облыстық кезеңде 150-ден астам мүмкіндігі шектеулі балғын бақ сынады.

 фото Халелова Рафхата (206)

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерекше балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін дамыту, қоғамдық ортада өздерін еркін сезінуге көмектесуді мақсат еткен фествальге қатысуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді.

Фестиваль барысында қатысушылар «Вокал», «Хореография», «Ым-ишаратпен ән айту»  номинациялары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар фестивальдің «Бейнелеу өнері», «Көркем-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша театр фойесінде үздік деп танылған жұмыстардан көрме ұйымдастырылып, көрермен көңілінен шықты.

Көңілді кейіпкер аниматорлары мен «Жасұландықтар» балаларға флешмоб ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Фестивальдің жоғары деңгейде өтуіне «Орал – Дез» ЖШС-ның директоры Аслан Карабалин, "Фирма Сервер плюс" ЖШС-ның директоры Алексей Наумов, «Стекло Сервис» ЖШС-ның директоры Аркадий Рубцов, жеке кәсіпкерлер Күнсұлу Қиламбекова, Нұржамал Кабакова, Аухат Оңғаров, «Art dance» директоры Динара Мерғалиева демеуші болып, қолдау көрсетті.

Фестивальге қатысқан балғындардың барлығы облыстық білім басқармасының алғысхаты мен бағалы естелік сыйлықтармен марапатталды.

Гүлжамал Кенжеғалиева,

сурет: Рафхат Халелов

zhaikpress.kz

фото Халелова Рафхата (147) фото Халелова Рафхата (218) фото Халелова Рафхата (259) фото Халелова Рафхата (286) фото Халелова Рафхата (314) фото Халелова Рафхата (397) фото Халелова Рафхата (467) фото Халелова Рафхата (486) фото Халелова Рафхата (517) фото Халелова Рафхата (534)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале