31.05.2017, 11:03
Оқылды: 73

Оралда жыл басынан бері 810 отбасы бас қосып, 390 ажырасқан

 razvod   Бүгінде Орал қаласында 1760 көп балалы ана, оның ішінде 651-«Алтын алқа», 862 «Күміс алқа» иегері бар. Өткен жылы 3342 отбасы некеге отырса, 1174 жанұя ажырасқан. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 810 жан бас қосып, 390 отбасы ажырасып үлгерген.

     Орал қаласында жүргізіліп жатқан отбасылық-гендерлік жұмыстарға да талдау жасалған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.


     Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына  әйелдер де үлес қосып жүр. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына сәйкес 56 адамға 169,8 млн. теңге көлемінде несие берілді. Соның ішінде 18 әйел 54,0 млн. теңге несиелік қаржатқа қол жеткізген.

    Әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге араласуы жағдайы бойынша бүгінде қала әкімдігінде қызмет жасайтын 243 қызметкердің 124-і нәзік жандылар, оның 34-і басшылық қызмет атқарып жүр. Облыс бойынша 2349 әйел мемлекеттік қызметте жұмыс жасайды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале