24.10.2017, 17:58
Оқылды: 23

Оралда жыл соңына дейін 7 аялдама павильоны орнатылады

 

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы кезекті брифингке Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев қатысты.

Биыл Орал қаласының магистральді көшелеріне 37 жаңа үлгідегі аялдама павильоны орнатылды. Үнемделген қаржы есебінен жыл соңына дейін (Шолохов көшесі бойына және «Қазақ драма театры», «Динамо» спорт базасы маңында) тағы жеті аялдама орнату көзделіп отыр. Өкінішке орай, жаңадан салынған аялдамаларды бұзу фактілері көп тіркелуде, бірқатарына айыппұл да салынған. Брифингте шаһар басшысы қала тұрғындарын жаңа аялдамаларды ұқыпты пайдалануға шақырды.

Брифинг барысында қала әкімі Мұрат Мұқаев журналистер тарапынан қойылған жолаушылар тасымалы, жол құрылысы, жер телімдері, жаңа аялдамалар орнату, аулаларды абаттандыру мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале