3.04.2019, 17:20
Оқылды: 15

Оралдағы бір мекемеден бірнеше күн жатып қалған мәйіт табылды

30 наурыз күні шамамен сағат 14.50-де Орал қ.ПБ кезекші бөліміне Орал қаласындағы бір ірі ЖШС ғимаратында ер адамның өлі денесінің табылғаны туралы ақпарат түсті. Хабарлама бойынша мекен-жайға барған басқарманың жедел-тергеу тобы расында да, бірнеше күн бойы тасада жатып қалған, қорлықпен өлтірілген ер адамның өлі денесін тапты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында осы ЖШС қызметкерлері мен күдікті деп танылған тұлғалар толықтай тексерілді. Полиция қызметкерлері бір күннің ішінде күдіктіні анықтады. Нақты деректер де мәлім болды.

1981 және 1961 жылы туылған екі азамат алкоголь ішімдігін ішіп, соңына қарай сөзге дауласып, орталарында реніш басталады. Реніштің соңы жанжалға ұласып, 58 жастағы тұлға 38 жастағы жігітті аямай соққыға жығады. Қатты соққы алған жігіт ауыр дене жарақаттарымен сол жерде көз жұмады. Күдікті кісі өлтіргенін толықтай мойындады. Қазіргі күні басқарманың уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Орал қалалық Полиция басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале