17.07.2018, 20:48
Оқылды: 91

Оралдағы «Депо» көпірі қыркүйекте пайдалануға беріледі (СУРЕТ)

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласындағы құрылыс нысандарында болып,  жұмыс барысымен танысты.

Алдымен «Депо» көпіріндегі құрылыстың жай-жапсарымен танысқан облыс басшысы жұмыстың  сапалы және уақтылы жүргізілуін тапсырды. Бұрын көпірдің ені 8 метр болса, құрылыс жөндеу жұмыстары аяқталған соң ені екі есеге ұлғаймақ. Ені 15 метрге жуық төрт жолақты автокөлік жолының қос қапталында екі жарым метрді құрайтын жаяу жүргінші жолдары салынады.

 

Мердігер "КА-Строй LTD" ЖШС прорабы Данияр Дәулетбаевтың айтуынша, қазіргі таңда  жұмыстың 80 пайызы аяқталған. Құрылыс нысанында 55 адам жұмыс істеуде. Қажетті құрылыс материалдары, жұмыс күші жеткілікті. Көпір ағымдағы жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілмек.

Аталмыш жол өткелі 1965 жылы салынып, сол уақыттан бері жөнді күрделі жөндеу көрмей, әбден тозған болатын. Ұзындығы 536 метр болған бұл көпір өткелі былтыр толықтай бұзылды. Уақыт талабына сай келмеген ені 8 метрлік көпір енді екі жағында жаяулар өткелі бар төрт жолақты жаңа өткел болып ашылмақ.

zhaikpress.kz

сурет: Айбатыр Нұраш

PRI_0149 PRI_0175 PRI_0187 PRI_0192

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале