27.02.2017, 14:30
Оқылды: 71

Оралдағы «Депо көпірі» жабылады

Бұл жайында ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО филиалында өткен брифингте белгілі болды.


Орал қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Бекжан Тоқжанов және қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы Алтай Құсайынов журналистер сауалына жауап берді.

- Үстіміздегі жылдың бірінші наурызынан бастап қайта құру жұмыстарына байланысты Депо ауданындағы жол өткелі жабылады. Аталмыш жол өткелі 1965 жылы салынған. Сол уақыттан бері оған күрделі жөндеу немесе қайта құру жұмыстары жүргізілмеген. Көпір өткелінің ұзындығы 536 метр. Сондай-ақ көпірмен жалғасатын жолдың 628 метрін қайта құру жоспарланып отыр. Уақыт талабына сай келмей тұрған көпірдің 8 метрлік ені 14 метрге дейін кеңейтілмек. Жұмысты қаржыландыру ҚПО б.в. қаражаты есебінен қарастырылып отыр. Бас мердігер болып «КазСтрой ЛТД» ЖШС анықталды. Жобалық сметалық құжаттама бойынша күрделі жөндеу 24 айға созылады. Бүгінгі таңда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жолаушы тасымалдаушы мекемелер және жол полициясы өкілдерімен бірлесіп, көпірдің жабылуына байланысты жол қозғалысының схемасын жасақтады, - деді Бекжан Тоқжанов қысқаша мәлімдемесінде.

Нұртас Сафуллин,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале