14.08.2018, 18:38
Оқылды: 22

Оралдағы М.Мәметова көшесіндегі жөндеу жұмыстарының 65 пайызы орындалған

Бүгін облыс әкімі А.Көлгінов Оралдағы М.Мәметова көшесіндегі автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жалпы құны 581,7 миллион теңгені құрайтын жобаны «ҚПО б.в.» компаниясы қаржыландыруда.

Жол құрылысы жұмыстарын «Nursat» және «Бірлік» ЖШС-тері жүргізуде. Сәуір айында басталған жұмыстар қараша айында толықтай аяқталуы керек. Бүгінгі таңда Құрманғазы көшесінен Петровский көшесіне дейінгі аралыққа тас жол төсеу жүмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының 65 пайызы орындалған.  

Жалпы биыл қаланың 50 көшесі күрделі, орташа және қайта жөндеуден өтпек. Бұл жұмыстарға шамамен 7,5 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Ең алдымен, қаланың орталық және қозғалыс қарқындылығы жоғары магистральды көшелері, сондай-ақ қоғамдық көлік жүретін жолдар қамтылуда. Сонымен қатар ағымдағы жылы шаһардағы 23 әлеуметтік нысаның жолдары жөнделуде.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

фотоға түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале