9.12.2019, 16:19
Оқылды: 146

Оралдағы Мәншүк музейінде патриоттық шара өтті

М.Мәметова мемориалдық музейі Жастар жылына және Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ұлы Жеңіс шежіресі» атты патриоттық акция өткізді.

Шараға соғыс, тыл және еңбек ардагерлері, Жаһанша Досмұхаметов атындағы педагогикалық колледждің студенттері, Орал ақпараттық технологиялар колледжі, №6, 27 орта мектептің оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

IMG_2354

Бұл акцияның басты мақсаты - жастар арасында Қазақстандық патриоттық сана қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту,  тәуелсіз Қазақстанда тұратын халықтардың достығын қолдау. Акция арқылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында өткізілетін ерлік сабақтары, іс-шаралар, кездесулер бастау алды.

Шара барысында Мәншүк Мәметованың өшпес ерлігін баяндаған «Бусинка в ожерелье Великой Отечественной войны» атты жаңа деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

IMG_2336 - копия

Сұрапыл соғыстың қасіреті туралы Жеңіс жолында болған ауыртпалықтар туралы  жастар алдына соғыс ардагерлері Х.А.Сафин, В.П.Скаленко, еңбек ардагері Р.Л.Кужекова және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ә.Мұхамбетов сөз сөйледі.

IMG_2348

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале