27.04.2018, 17:14
Оқылды: 34

Оралдағы оқу орнында Ким Ахметовтің атындағы дәріс аудиториясы ашылды

IMG_6379Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Экономика және менеджмент» кафедрасының құрметті профессоры, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Ким Ахметовтің атындағы дәріс аудиториясы ашылды.

Ким Гусманұлының университетпен байланысы 1967 жылдан  басталды. Өзінің 43 жыл өмірін арнаған университеттің 24 жылында ғылыми жұмыстар жөнінде проректор болып қызмет атқарып, Батыс Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірістік саласына ғылыми жетістіктерді енгізу мен техниканы, ғылымды ұйымдастыру жұмыстарына үлесін қосты.

Ким Гусманұлы 273-тен астам ғылыми-әдістемелік жұмыс, оқулықтар, монографиялар мен ұсыныстардың авторы және оның нарықтық экономика жағдайындағы ауыл шаруашлық өндірісті ұйымдастыру, басқару, менеджмент пен маркетинг салалары бойынша жарық көрген еңбектері студенттер мен жас ғалымдар арасында сұранысқа ие және ол ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қала бермек.

Жаңадан ашылған аудиторияда күнделікті дәрістерді өткізу арқылы студенттер профессордың еңбектерімен, ғылыми жұмыстарымен етене танысады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале