13.04.2019, 12:30
Оқылды: 39

Оралдағы сенбілікте 2000 тал-терек отырғызылды

Бүгінгі аймақты абаттандыруды мақсат еткен сенбілік барысында Орал-Ақсай тас жолы бойына тал-теректер егілді.

IMG-20190413-WA0003

Айта кетейік, облыс аумағында жарияланған тазалық айлығында қалалар мен аудан ауылдардағы күл-қоқыстарды жинап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.

Екі ай бойы өтетін шаралардың қатарында Елбасымыздың «Жасыл қала-жасыл ауыл» жобасы аясында облыс бойынша 50 мың тал-терек егу жоспарланған. Аталған көшеттердің 10 мыңы облыс орталығын, қалған 40 мыңы аудан-ауылдарды жасыл желекке орамақ.

IMG-20190413-WA0004

Жалпы көктемгі сенбілікке 36 мыңдай өңір тұрғындары атсалысады деп жоспарланса, солардың басым көпшілігі жастар болмақ.

Бүгінгі сенбілікке мыңға жуық облыстық мекеме-кәсіпорындар қызметкерлерімен өңір жастары қатысты. Аталған шара барысында екі мыңнан астам тал-терек отырғызылып, тас жол бойы күл-қоқыстан тазартылды.

IMG-20190413-WA0001

Сенбілікке қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев қала тұрғындарын тазалық айлығына атсалысуға, егілген жас көшеттерді күтіп, баптауға шақырды.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

IMG-20190413-WA0000

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале