1.06.2018, 16:08
Оқылды: 101

Оралдағы «Шаңырақ» үйінде балалар ойын алаңы пайдалануға берілді

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі ауласында балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Мерекелік шараға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, төраға орынбасары Ғайса Қапақов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов және үкіметтік емес ұйым өкілдері мен демеушілер қатысты.

Жаңа алаң құрылысын демеушілер 1 млн. 300 мың теңгеге қаржыландырған. Бұл бастаманы Алмира Сәрсенова көтерген. Құрылысты жүргізуге «Шаңырақ» үйінің тұрақты демеушісі «Нұр» балалар үйі және мектеп түлектерінің одағы» қоғамдық бірлестігі де атсалысыпты.

f3ef65c5-976c-4031-8c13-fdd0448b9621

Мерекелік шара кезінде «Шаңырақты» қамқорлайтын  демеушілер балаларға велосипед және түрлі сыйлық таратты. Жасөспірімдер үйінің басшысы Өмірбай Қалымбетовтің айтуынша, «Шаңырақ»  жатақханасында 35 отбасы және 15 жалғызбасты ана тұрады. Олардың қамқорлығында 76 бала бар. Балалардың тең жартысынан астамы қалалық мектептерде оқиды.

Нұртай ТЕКЕБАЙ

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале