19.12.2019, 13:25
Оқылды: 554

Оралдағы спорт мектебі жаңа ғимаратқа көшті (СУРЕТ)

Орал қаласының Деркөл кентінде спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Ғимарат алдында облыс әкімі Ғали Есқалиев пен еркін күрестен олимпиада ойындарының қола жүлдегері Екатерина Ларионова лента кесті.

akim sport kesheni (17)

– Мемлекет болашағы халықтың денсаулығына байланысты. Спортпен айналысатын, сауатты, Отанын сүйетін ұрпақтан еліміздің дамуына үлес қосатын азамат көп шығады. Сондықтан спортқа қабілеті ерен балаларға мүмкіндік беріп, жан-жақты дамуына, жан-жақты дамуына жағдай жасау қажет. Болашақ чемпиондар әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысып, Қазақстанның көк туын желбіретеді. Мектеп интернат ғимаратын мердігерлер сапалы салып шықты. Енді қала мен ауылдардағы дарынды балаларды тарту – бапкерлер міндеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырғаны белгілі. Биыл Жәнібек пен Жаңақала аудандарында спорт кешендерінің құрылысы басталды. Келесі жылы алты ауданда жалғасады, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

akim sport kesheni (15)

Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының директоры Абай Бакмановтың айтуынша, мұнда 7-11 сынып оқушылары білім алып әрі спорттың 13 түрімен айналысады. Спорт мектебінде 250 оқушы білім алады. Заманауи талапқа сай 150 орындық жатақханасы. Мектеп ғимаратының жалпы көлемі – 9 195 шаршы метр. Мектеп ғимараты 3 блоктан – оқу, жатақхана, асханадан тұрады. Сонымен бірге үш жаттығу залы ашылған. Жаттығу залдарында екі бокс рингісі, төрт күрес кілемі, жаттығуға және ойын залына арналған құрал-жабдықтың барлығы орналасқан.

akim sport kesheni (4)

 Оқу корпусында қазіргі білім беру талаптарына сай жабдықталған 13 кабинет бар. Оның ішінде мамандандырылған, зертханалық жабдығы бар химия, биология, физика, ағылшын тілі және мультимедиялық кабинеттері мен шеберханалар қызмет етеді.

akim sport kesheni (7)

Интернаттағы сыртқы алаңның жалпы көлемі – 4,4 гектар. Онда футбол, волейбол, баскетбол, теннис алаңдары мен жеңіл атлетикаға арналған жүгіру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру алаңдары орналасқан. Сонымен қатар алғашқы әскери дайындық сабағына арналған саптық дайындық алаңы да бар. Мектеп-интернаты 15 жылдан бері халықаралық жарыстар мен ел біріншіліктерінде топ жарған жеңімпаздарды тәрбиеледі.

akim sport kesheni (2)

Нұртай Текебаев

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

akim sport kesheni (6) akim sport kesheni (8) akim sport kesheni (9) akim sport kesheni (10) akim sport kesheni (16) akim sport kesheni (18) akim sport kesheni (19)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале