19.07.2019, 18:11
Оқылды: 505

Оралдағы тəжірибелік станция дəнді дақылдардың жаңа сұрыптарын өсіруде (СУРЕТ)

«Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС базасында «Егінжай күні – 2019» семинары өтті. Семинарда облыс бойынша егін ору жұмыстарын жүргізу барысы туралы айтылып, дәнді, мал азықтық дақылдардың түрлері, жаңа сұрыптары таныстырылып, сондай-ақ әртүрлі өндірушілер мен жеткізушілердің заманауи ауыл шаруашылығы техникалары көрсетілді. Семинарға облыс әкімі Ғали Есқалиев, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен өкілдері, агроөнеркәсіп кешені мен аграрлық ғылым саласының мамандары, ауыл шаруашылығы бағытындағы мекемелердің басшылары қатысты.

IMG_8992

– Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге мемлекет зор қолдау көрсетуде. Өсімдік шаруашылығы өндірісінде көптеген шаруашылық агротехникалық талаптарды сақтамайды. Нәтижесінде сапасы төмен өнім алады. «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС базасында дәнді және майлы дақылдар алқабымен таныстық. Алыс шетелден әкелінген және ТМД аумағы бойынша бағасы тиімді техникаларды көрдік. Ауыл шаруашылық техникаларының инвестициялық салымдарын субсидиялау үшін техника құнының 25 %-ы мемлекет тарапынан төленеді. Бұл бағытта шаруашылық құрылымдарының кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесі аса маңызды, – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

IMG_9147

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Абат Есенғалиевтің айтуынша, агроөнеркәсіп кешені – облыс экономикасының маңызды салаларының бірі.

«Қазіргі таңдағы агроөнеркәсіп кешенінің ең басты міндеті – еліміздің, оның ішінде өңір халқының әл-ауқаты мен азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды саналатын егін ору науқанын уақытында жүргізу. Біздің облыстағы егістік алқабы – 250 мың гектар. Соның 75 %-ы – күздік бидай. Ағымдағы жылы майлы дақылдар алаңы 78 мың гектар, оның ішінде күнбағыс – 49,4 мың, мақсары – 28,6 мың гектар. Астық жинау науқанына 3551 трактор, астық жинайтын 705 комбайн, 358 дестелегіш және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары қатысады. Жыл басынан бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 3 260 млн. теңгеге облыс шаруашылықтары 600 бірлік техника сатып алды. Күзгі дала жұмысына бөлінген 11 мың тонна арзандатылған дизель отынын «Батыс Арна» ЖШС ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тікелей шарттар бойынша мұнай базасынан Орал қаласы бойынша бір литрін 179 теңгеге тасымалдап береді.  Облыста астық қабылдайтын 8 кәсіпорын лицензия алған. Жалпы астық қоймасының сыйымдылығы құрайды 503,8 мың тонна», – деді Абат Есенғалиев.

IMG_9150

– Егістік науқанын басталғанда 50 күндей жауын-шашын болмады. Биыл ауа температурасы жылдағыдан 2 градус жоғары болды. Бірақ маусым айындағы жаңбыр әсерінен майлы және дәнді дақылдар жақсы өнім береді деп есептейміз. 10 мың гектар алқапта күздік дәнді дақылдың орташа өнімділігі 1 гектарға 12 центнерден. Қазіргі уақытта 12 мың тонна астық жиналды, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қуанышқали Есімов.

Былтыр «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС базасында «Батыс» озық білім беру орталығы құрылған. Соған сәйкес шаруашылық құрылымдарымен тығы қарым-қатынас жасау, тәжірибе алмасу 6 гектар алқапта жаздық астық тұқымдас, күздік және азықтық дақылдар алаңдары жасақталған. Аталған серіктестіктің селекция бөлімінің басшысы Гүлшат Шектібаеваның сөзінше, ғылыми тәжірибелік алаңдарда қазақстандық және ресейлік 300 сұрып өсірілуде. Тәжірибе кезеңі аяқталғанна кейін аймақ топырағын жерсінген дақылдарды өндіріске енгізу қолға алынады. Қазіргі кезде облыс бойынша дәнді дақылдардың 6 сұрыбы өсіріледі.

IMG_9016

Семинарда Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың профессоры, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Василий Вьюрков «Егіс дақылдарын өсіру технологияларының инновациялық әдіс-тәсілдері», «БайерКаз» ЖШС-ның өкілі Алдаберген Нұғыманов «Батыс Қазақстан облысындағы қысқы жүгеріні өндіру» тақырыбында баяндама жасады.

IMG_9126 IMG_9109 IMG_9031 IMG_9028 IMG_8857 IMG_8852 IMG_8850 IMG_9183 IMG_9159 IMG_9156 IMG_9002 IMG_8966 IMG_9075 IMG_9093 IMG_9094

Нұртай Алтайұлы,

Сурет: Темірболат Әнуарұлы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале