23.09.2019, 19:12
Оқылды: 503

Оралдағы тозығы жеткен коллектордың апатты бөлігі қарашаға дейін ауыстырылады

Кеше Орал қаласындағы 19А магистралды коллекторы істен шығып, қаланың солтүстік-шығыс бөлігі, Әбілхайыр хан даңғылы бойы мен Омега, Автопарк аудандары мен Деркөл кентіне салқын жəне ыстық су беру тоқтатылды. Оқиға орнындағы жұмыстарды, халыққа су тарату орындарын кешеден бері хабарлап отырдық. Бүгін «Батыс су арнасы» ЖШС өкілдері тілшілерге мән-жайды баяндап, сұхбат берді.

 

Арман Кенжебаев

Суретте Арман Кенжебаев

- 22 қыркүйек күні коллектордың сол жақ тармағындағы камерада апат болды. Оны тоқтатқан уақытта оң жақ тармақта – кәріздік су сорғы стансасы (КНС-19) мен кәріз тазарту құрылғысы арасындағы учаскеде де құбыр жарылды. Қала бойынша су қысымы төмендетілді. Сағат 23:00-де қаланың солтүстік-шығыс бөлігіне су беру тоқтатылды. Оралдың Екінші жұмысшы, Омега, Айгүл аудандары мен Деркөл кентінде су ажыратылды, - деді «Батыс су арнасы» ЖШС-ның техникалық директоры Арман Кенжебаев.

Апат орнына «Батыс су арнасының» бригадалары, жетіп апат орнында 23 қыркүйек күнгі сағат 9-ға дейін жұмыс жасады. Жүйе қалпына келтіріп, су берілді.

kanalizasia (1)

Арман Кенжебаевтың айтуынша, жаз басталғалы бұл магистральды коллекторда 16 апат болған. Ал бұл нысан іске қосылғалы осындай оқиға саны 27-ге жетіп отыр. «Нысанға қатысты төтенше жағдай жарияланып, қаражат бөлінді. Қазір «Альтаир» ЖШС мердігер деп танылып, компания жұмыс жүргізуде. Апатты деп танылған учаске 2600 метр. Ал коллектордың жалпы ұзындығы 7800 метр. Қазір ұзындығы 700 метрдей шұңқыр қазылды, құбырлар жеткізілуде. Жұмыс демалыссыз жүргізілуде. Қараша айына дейін аяқтау жоспарланды» дейді ол.

Еске сала кетсек, кәріздік су сорғы стансасы (КНС-19) 2009 жылы пайдалануға берілген. Сараптама қорытындысында құбырлардың табиғи, климаттық, техногендік әсерден тозығы жеткен. Қайта-қайта жарылған шыныпластик құбырлар қысымға шыдамай тұр. Әр апат сайын коллектор «Батыс су арнасы» жұмысшыларының күшімен жөнделеді.

 Нұрлыбек Нұрланұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале