4.06.2018, 16:24
Оқылды: 60

Оралдағы Тұңғыш Президент алаңында рәміздер күні аталып өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының рәміздері күніне байланысты ҚР тұңғыш Президенті алаңында «Менің Қазақстаным» атты жастар акциясы өтті.

Акцияны  «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды. Алаңда салтанатты шеру ұйымдастырылып, оған қатысушылар сап түзеген күйі ашық аспан астындағы сахнаға мемлекеттік туды әкелді.

– Еуразия кіндігінде орналасқан Қазақстан тәуелсіздік жылдары шекарасын шегендеп, рәміздерін бекітті. Мемлекеттік туымыз асқақ түрде желбіреп, әр өрнегі мән-маңызы зор екенін аңғартуда. Әнұранымыз әуелеп, Елтаңбамыз еңселі елдігімізді паш етуде. Еліміздің рәміздері жастар рухын көтеріп, елін, жерін сүюге, Отанға қызмет етуге үндейді. Елбасының салиқалы саясаты арқасында көрші мемлекеттермен шекарамызды бекітіп алдық. Тату-тәтті өмір сүріп, шекарамыздың берік болуы мерейімізді асқақтады. Қазақстанның Қарулы күштері нығайып, экономикасы дамуда, – деді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

Шарада жетістікке жетіп жүрген бір топ жас облыс әкімі орынбасарының алғысхатымен марапатталды. Кейін патриоттық әндер шырқалды.

 Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Фото Темірболат Тоқмамбет

Темирболат Токмамбетов11 Темирболат Токмамбетов12 Темирболат Токмамбетов1 Темирболат Токмамбетов02 Темирболат Токмамбетов03 Темирболат Токмамбетов04 Темирболат Токмамбетов05 Темирболат Токмамбетов06 Темирболат Токмамбетов08

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале